Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда тоғыз күн бойы үйінді астында жатқан екі ағайынды құтқарылды

Түркияда тоғыз күн бойы үйінді астында жатқан екі ағайынды құтқарылды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмарас провинциясының Дулкадироглу ауданында жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң екі ағайынды үйінді астынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүгін қираған үйлердің астынан 17 жастағы Мохаммед Энес Йенинар мен оның 21 жастағы үлкен ағасы Баки Йенинар шығарылды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушылар апат аймағынан аман қалғандарды табудан үмітін үзбейді. Ақпанның 12-сі күні түрік құтқарушылары жүрек тебірентерлік кадрлармен бөлісті. 140 сағаттай үй қирандысының астында жатқан 7 айлық сәби аман-есен құтқарылды.

11 ақпанда Түркияның Адьяма қаласында жер сілкінісі болғаннан кейін 114 сағат өткен соң үйінді астынан 10 жастағы бала шығарылды.
14 ақпан 2023 ж. 376 0