Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталып келеді

Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталып келеді

Түркияның Төтенше жағдайлар агенттігі бірқатар провинцияда құтқару жұмыстары тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар агенттігі басшысының айтуынша, құтқару жұмыстары Кахраманмараш пен Хатайда әлі де жалғасып жатыр.

Алайда енді адамдардың үйіндінің астынан аман табылуы екіталай. Ол қаза тапқандардың саны әлі өсетінін айтты.

6 ақпанда болған 7,8 балдық жер сілкінісінің эпицентрі Кахраманмараш қаласында болды. Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның солтүстігінде 44 мыңнан астам адам қайтыс болғаны расталды.
20 ақпан 2023 ж. 289 0