Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда тағы үш рет жер сілкінді

Түркияда тағы үш рет жер сілкінді

7 наурыз күні Түркияның Хатай, Қахраманмараш және Қайсери провинцияларында үш бірдей жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анадолу агенттігінің мәліметі бойынша, Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқарма (AFAD) бір күнде Түркияның үш бірдей провинциясында жер сілкінген.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында зілзаланың магнитудасы 4,1 балл болған.

Дүмпу жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:14 кезінде шақырым тереңдікте тіркелген.

Ал Қахраманмараш провинциясында сілкініс магнитудасы 4,4 балл болған.

Дүмпу жергілікті уақытпен күндізгі сағат 12.40 кезінде тіркелген. Зілзала ошағы Оныкішұбат ауданында, 7,52 шақырым тереңдікте байқалған.

Ал Қайсери провинциасындағы сілкініс магнитудасы 4,7 балл болып, жергілікті уақытпен күндізгі сағат 14.47 кезінде тіркелген. Инджесу ауданындағы сілкініс кіндігі 12,8 шақырым тереңдікте байқалған.

08 наурыз 2023 ж. 630 0