АҚШ-та пойыз өзенге құлап кетті

Бұл туралы Хабар24 жазды. Оқиға Саммерс округіндегі Нью-Ривер өзенінің маңында болды. Апаттан 3 машинист жарақат алды. Бір вагоннан өзенге жанармай төгілді.
Қазір одан қоршаған ортаға келген залал анықталып, тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Әдетте бұл жердегі жол аптасына 3 рет тексеріліп тұрады. Осы апатқа бір сағаттай бұрын бір пойыз жүріп өткен еді. Жол шетіндегі жотадан ешқандай қауіп болмаған. Сондықтан қазір лай неліктен көшкенін анықтап жатырмыз, - деді CSX компаниясының өкілі Брайан Такер.