Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбританияда жарық көрген құнды жинақ

Ұлыбританияда жарық көрген құнды жинақ

Орталық Қазақстандағы аштыққа қатысты архивтік құжаттар, айтыл­маған ақиқаттар, көзкөргендер естелігі топтасқан қара­ғандылық ғалымдардың еңбегі Ұлыбританиядан ағылшын тілін­де­ жарық көрді. Ол – «The Famine of 1931–1933 in Central Kazakhstan Collection of Archival Documents and Memoirs» жинағы («Орталық Қазақстандағы ашаршылық 1931-1933: мұрағаттық құжат­тар мен естеліктер жинағы»). Оны «Palgrave Macmillan» халық­аралық ғылыми кітап-журнал баспасы басты.

Ағылшындар аттай қалаған жи­­­нақ­та Ұлт­тық ғылым акаде­мия­­сы­­ның кор­респондент-мүше­сі,­­ заң ғы­лым­­дарының док­торы, про­фессор Нұр­лан Дулат­беков же­­текшілік еткен Е.Бөке­тов атын­дағы Қарағанды уни­вер­си­те­ті ғалымдарының ең­бе­­гі­­ зор. Ға­лым­­дар қатарында Зәу­­реш Сақ­та­ғанова, Айнаш Мұс­тоя­­­­по­ва,­ Лариса Харитонова, Қым­бат­ Әб­ді­рахманова, Жеңісгүл Ибраи­мо­ва, Альфия Кітібаева бар.

Нұрлан Дулатбеков Орталық Қазақ­­­­стандағы аштықтың егжей-тег­­жейлі зерттелмегенін айтады.­ Әсі­ресе, зұл­матты көзімен көр­­ген тір­­­і­ куәгерлер азай­ған қа­зір­гі тұста бар шындықты ес­тіп,­ олардың өз ауыздарынан­ жазып алу­ міндет дейді. Ғалымның айтуынша, Орта­лық­ Қазақстанда халықтың сол кез­де­ толық отырықшылыққа көш­пеуі тарихи­ де­рек­терді қағазға дер­ кезінде түсі­­руге мүмкіндік бер­меген. Сол­ ақтаңдақтарды тірі куә­лердің де­ре­ктері толықтыра түс­пекші. Де­рек­терді жи­нау­ға уни­верситет оқы­тушылары, ға­лым­дарымен бір­ге студенттер де­ жұ­мыл­ды­рыл­ған. Онлайн оқу ке­зінде уни­вер­ситеттің ұжымы осындай игі істі­ қол­ға алған екен.

– Пандемия кезінде студент­тер он­лайн­да жүргенде әр­қай­­сысына, әр оқы­тушыға өз­ отбасыларының та­ри­хын сұ­рас­­­тырып, қағазға түсі­ру­ді тап­сыр­дық.­ Мы­салы, отызын­шы жылда­ры­ не болды? Отыз­ бір­де­ ше? Отыз­ төртінші жылдағы жағ­­дай қан­дай еді? Депортация кез­ін­дегі отыз­­ бесті халық қалай бас­тан өт­керді? Осы­лайша, бұл зерт­теу факультетаралық жұмысқа ұлас­­­ты. Филология, шет тіл­дері,­ та­­­рих факультеттерімен қа­тар бар­ша­­­ оқытушы құрам ат­салыс­ты. Аш­­тық­қа қатысты әр отбасынан са­уал­­нама жиналды. Архивке де жү­­гіндік. Осы­ ізденіс арқасында бұ­рын-соңды жарық көрмеген экс­клюзив материалдар да табылды.­ Топтастырып, «Ашар­шылық. 32­ жыл­» жинағы өткен жылы екі­­ тілде шықты. Былтыр оның та­ныс­­­тырылымы өтті. Жинақты Ұлт­тық кітап­ханадан бастап, еліміздің барлық кітап­хана­сына тапсырдық. Негізінен, жи­нақ­­таушы – оқыту­шы­­­лар. Олар Оса­­ка­ров, Шет ­ау­дан­­дарына, Бал­қаш қала­сына ар­­найы барып, мате­риалдар ізде­ді. Бар­лық өңірде бол­дық деп­ айта алмаймыз. Уақыт аз­дық­­ етті. Ең алдымен, жи­нақ­тың­­ бірінші нұсқасын шығаруды мақ­­­сат еттік. Біз саяси емес, ғы­­­лы­ми көз­қарас тұрғысынан зерт­­теу­ жасадық. Аш­тық тура­лы­­­­ біле­тіндер өмірден кетіп жа­­тыр.­­­ Куә­лардан шындықты бі­ліп қалу­ мақ­­саты тұрды. Кітап шық­қан­­­ соң­ ол ту­ралы жер-жер­де­ жазы­лып, айтылды. Со­дан ке­йін­ «Macmillan» баспасы бізге ағыл­­шын­­­ тілінде шықса деген ұсы­ныс­ жа­сады. Аудармасы уни­вер­си­­тет­тің шет тіл­дер факультеті оқы­­тушыларының ең­б­е­гі. Ол са­­рап­­тамадан сәтті өтті, – дейді Н.Дулатбеков.

Дүниежүзілік баспа­ сұра­ны­сы­­­мен­ ал­ғаш ағылшын тілі­нде жа­­рық көр­ген ­гумманитарлық ба­ғ­ыт­тағы зерттеу кітабының бі­рі – осы жинақ. Ол уни­вер­си­тет­­тің ғы­лыми әлеуетін көрсетсе ке­­­рек.­­ Атақты ағыл­шын баспа­сы ал­дағы уа­қытта уин­верситетпен ын­тымақтастық ор­натуға мүд­де­лі.

– Лайықты жұмыстарымызды бас­­­паға ұсынуға әзірміз. Бұл­ бас­та­масы ғана, – дейді Н.Дулат­беков.

Зерттеуші ғалымдардың мә­лім­­де­­уінше, жинақтың бірегейлігі – он­да­ Орта­лық Қазақстан туралы де­­рек­тердің көп­теп топтасуында.­ Ағыл­­­шындардың назарын ­ау­­­дар­ған да осы секілді. Та­рих­ ғылым­да­рының докторы Зәу­реш Сақ­та­ғанова да аталған жи­­на­қ­пен тұспа-тұс­ жарық көрген «Ашар­шы­лық. Аштық. 1928-1934»­ атал­ған бес томдықта Орта­лық­ Қа­зақ­стан жөнінде деректің ­ке­м­­­­­­­ді­гін айтты.

– Бiздің кітабымызбен қатар Елі­міз бо­йынша «Ашаршылық. Аш­тық. 1931-1934» ­бес томдығы жа­рық көрді. Бірақ осы­ бес том­дықтың өзінде Орталық Қазақ­стан туралы материалдар шама­лы­­ ғана.­ Сырдария, Оңтүстік Қазақ­­стан, Жеті­су, Солтүстік Қазақ­стан облы­сы бойын­ша көп­ құжаттар сақ­талған. Оның се­­бе­бі мынада. Бұл­ өңірлерде дәс­түрлі отырықшы қала­лық және ауылдық ме­кен­дер мол­ болған. Осыған сәйкес олар­да архивтік іс жүргізу ерте қолға алын­ғаны белгілі.

Орталық Қазақстанға кел­­­сек,­ нег­і­зін­де мұнда барынша­ қазақтар тұрды және­ олар көшпелі, жар­ты­лай­ көш­пелі тұр­мыс кешті. Оған ­қоса,­ Қарағанды тек 1934­ жы­лы­ ғана­ қала мәртебесін алды. Бұл­­ деге­ніңіз, құжаттардың Орта­лық Қазақ­­станда аздығын ай­ғақ­тайды. Соны­мен­ қатар Қара­ғанды облы­сы­ның орта­­лы­ғы­ 1931­-1933 жылдары Пет­ро­павл­ болған. Ол­ да өзін­дік­ әсер етті.­ Мұның сыртын­да,­ мен ­Алма­ты, Петропавл, Қара­ғанды ар­хив­­терінде жұмыс істе­генде құжат­тардың «тазар­тыл­ға­нын» көр­дім. Қазір оның қай күш­­тік­ құрылымдар тарапынан және­ қандай ау­қымда екенін айту қиын.­ Бірақ бір аны­ғы – архивтік құ­­жат­тардың қандай да­ бір бөлігі жо­ға­лып кеткендігі, – дейді Зәу­реш­­ Сақ­тағанова.

Сонымен бірге ғалым бұл ба­ғыт­­­та ауда­ндағы архивтердегі құ­­жат­тардың әлі де ­қозғалмай жат­­­қанына назар аударады. Онда ­қоз­­ғаусыз қалған құнды құжаттар ба­­­рын­ да айтты. Ол келесі кітап­қа­­ жүк деседі қарағандылық ға­лым­­дар.

Қарағанды

egemen.kz
14 наурыз 2023 ж. 378 0