Пәкістанда су тасқынынан 10 адам көз жұмды

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында толассыз нөсер жаңбыр жауған.
Табиғат апаты салдарынан 10 адам көз жұмған.
Оның 8-і бір отбасының мүшелері екені белгілі болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.