Италияда аспаннан белгісіз нысанға ұқсас қызыл шар көрінді
Италияда Поссаньо қаласында аспаннан қызыл дөңгелек шарға ұқсас жарық байқалған. Фотограф Вальтер Бинотто бұл құбылысты өзгеғалашарлықтардың әуе кемесіне ұқсатты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі Live Science порталына сілтеме жасап.
Құбылыс аспанда пайда болып кейін жарқырап жоқ боп кеткен. Сондықтан фотограф Вальтер Биноттодан басқа көптеген тұрғындар оны көрмеген.
Алайда, шын мәнінде қызыл сақинаға ұқсас көрініс тек бұл қаладан ғана емес, диаметрі шамамен 224 миль (360 километр) үлкен шеңбер Италияның орталық бөлігінде және Адриатика теңізінің бір бөлігінде байқалған.
Spaceweather.com сайтының хабарлауынша, сақина жарқылы "Электромагниттік импульс көздеріне байланысты шыққан жарқыл. Мұндай құбылысты Эльви деп атайды. Бұлмнайзағайдың қарқынды электрленуінен туындайтын стратосфералық/мезосфералық бұзылыстың сирек түрі. Қызыл сақиналар найзағай шығаратын электромагниттік импульстар Жердің ионосферасына, жер бетінен 50-ден 400 мильге (80-ден 644 км) дейін созылатын атмосфераның жоғарғы қабатының иондалған бөлігіне түскенде пайда болады.