Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия сенбі күні соңғы АЭС жұмысын тоқтатпақшы

Германия сенбі күні соңғы АЭС жұмысын тоқтатпақшы

Сенбі күні Германия қалған барлық атом электр станцияларының жұмысын толық тоқтатуды жоспарлап отыр. Мәселе үш энергоблок турасында болып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоспар бойынша, олар былтыр жыл соңында жабылуы керек еді. Бірақ Украинадағы жағдай мен содан болған энергетикалық дағдарыс бұл қадамды кейінге шегеруге мәжбүр етті. Сол кезде соңғы реакторларды қалдырып қана қоймай, жұмысы тоқтағандарын қайта іске қосу керектігі де айтылды. Алайда үкімет «атом энергетикасының ұзақмерзімді қауіп-қатерін бақылау мүмкін» еместігін алға тартты.

«Бөлшектеу цехында біз негізгі бөліктерді, яғни бу генераторлары мен реакторлардың бітеу корпустарын бөлшектейміз және бұл іспен 40-шы, тіпті 50-ші жылдарға дейін айналысамыз. Ал бөлшектеу цехының өзін бөлшектеу 60-шы жылдарға жоспарланған», - деп атап өтті АЭС утилизациясымен айналысатын компания өкілі Курт Радлофф.
Сауалнама бойынша, немістердің төрттен бірінен сәл ғана асқан бөлігі АЭС-тен бас тартуды қолдаған. Үштен екісі атом энергетикасын сақтап қалуды немесе кем дегенде, реакторларды пайдалану мерзімін ұзартуды қолдап дауыс берген. Станция жабылуына қарсы шығушылар келтірген аргументтердің бірі – құрылғылар мен ядролық қалдықтарды жою құны тым жоғары.
12 сәуір 2023 ж. 495 0