Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бразилия Қазақстанға инвестиция құяды

Бразилия Қазақстанға инвестиция құяды

Екі жақты ынтымақтастық мәселесі «Қазақстан-Бразилия» іскерлік комитетінің екінші отырысында талқыланды. деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бразилиялық кәсіпкерлер Қазақстанға қомақты инвестиция құюға ниетті. Латын америкалықтар агро-химия, тамақ өнеркәсібі, энергетика, электр техникасын жасау, және авиация салаларына қызығушылық танытуда. Екі жақты ынтымақтастық мәселесі «Қазақстан-Бразилия» іскерлік комитетінің екінші отырысында талқыланды. Алғашқы отырыс 2021 жылы Бразилиа қаласында өтті. Ал биылғы басқосу қос ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Қос тараптың бастамасымен құрылған комитеттің жиыны екі жыл сайын өтеді. Кейінгі жылдары арадағы алыс беріс, екі есеге ұлғайып, 364 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан көбіне металлургия өнімін экспорттап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, ұшу жабдықтарын импорттайды.

Сапар барысында нарықты зерттеуге күш саламыз. Біздің делегация құрамында химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, басқа да салалардың өкілдері бар. Әріптестік мүмкіндіктерін саралағаннан кейін нақты жобаларды қолға аламыз деп ойлаймын, - дейді Риу-Гранди-Ду-Сул штаты өнеркәсіп федерациясы сыртқы сауда және халықаралық байланыстар бойынша директоры Лусиано Д’андреа.
14 сәуір 2023 ж. 302 0