Түркияда жер сілкінді
Түркияның Элазыг провинциясында 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы мәліметіне сәйкес, түнгі сағат 01:44 шамасында эпицентрі Элазыг провинциясының Сивридже ауданында орналасқан 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Жерасты дүмпуі шамамен 11 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зілзаладан ешкім зардап шеккен жоқ.