Үндістанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды
Үндістанда ондаған мың адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Мамандар жаңа штаммның тарау қарқыны өте жылдам дейді. Ел үкіметі наурыз айының соңында ғана дертті жұқтырғандар саны 13 мыңға жеткенін айтса, қазіргі таңда инфекцияға шалдыққандар саны 60 мыңға таяп қалған.
Ковидтің бұл штаммы бейресми «Арк-тур» деп аталып кеткен. Аталмыш вирус көздің қабынуына әкеліп соғады. Әзірге жаңа ковид түрі зерттеліп жатыр.
Бұл ауру түрі Үндістаннан бөлек, Ресейде де анықталды. Жалпы пандемия басталғаннан бері бүкіл әлем бойынша 760 млн-нан астам адам вирус жұқтырып, оның 7 млн-ы көз жұмған.