Сомалиде су тасқыны басталды

Толастамай жауған жаңбыр салдарынан Шабель өзені арнасынан асып, су тасыды. Табиғи апаттан 22 адам қаза тауып, 220 мыңдай адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды.
Өңірдегі мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар жабылды. Осының салдарынан тырысқақ пен безгек дерттерінің тарау қаупі бар.