Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сиднейде екі адам мерт болды

Сиднейде екі адам мерт болды

Жасыл құрлықтың (Австралия) тұрғындар тығыз орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс аймағында  нөсер жаңбыр жауып, мыңдаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сидней қаласында да су тасқыны жүріп, қаланың басым бөлігін су басты. Табиғи апат салдарынан 2 адам көз жұмды. Марқұмдардың денесін құтқарушылар көлік ішінен тапқан. Ауа-райын болжаушылар аймақтың өзге өңірлерінде де су тасқыны қаупі барын ескертті. Соңғы апталарда Австралияның шығыс бөлігінде жаңбыр жиі жауып, өзендер арнасынан тасып бірнеше елді мекенді су шайған. Табиғи апаттан 19 адам бақилық болған.




09 наурыз 2022 ж. 664 0