Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде миллионерлер азайған

Әлемде миллионерлер азайған

Немістің «DW» ақпарат агенттігінің мәлі­метіне қарағанда әлем бойынша миллионерлер саны азайған. 2022 жылы мүлікті есепке алмағанда дәулеті миллион доллардан асатын шамамен 21,7 млн адам тіркелген. Қазақстанда да өткен жылғы көрсеткіш бо­йынша миллионер азаматтар саны бірнеше есе азайған, бар болғаны 1,2 мың адам.

Жер бетіндегі ең бай адамдардың жиынтық мүлкі 3,6 пайызға азайып, 83 трлн долларды құраған. «Бұл – он жылда макроэкономикалық және геосаяси белгісіздіктен туындаған ең үлкен қысқару», деп жазды «Capgemini» француз консалтинг фирмасы. Компанияның қаржы сарапшылары 71 елдегі мүліктік жағдайды талдады. Оның мәліметінше, мүліктің ең көп саны – 7,4 пайыз Солтүстік Америкада қысқарған. Еуропада минус 3,2, ал Азия мен Тынық мұхиты аймағында 2,7 пайыз деңгейінде тіркелді. Сонымен бірге Африка, Латын Америкасы және Таяу Шығыста мүлік керісінше өсті. Бұған Ресейдің Украинаға қарсы соғысы аясында мұнай мен газ бағасының өсуі себеп болған.

«Capgemini» қаржылық зерттеулер бөлімінің басшысы Элиас Ганем миллионерлердің азаюы мен акционерлік биржалардағы жағдай арасында тікелей байланыс бар деп санайды. Өткен жылы америкалық «NASDAQ» индексі – 33, француздық «CAC 40» – 9,5, ал немістің «DAX»-і 12 пайызды жоғалтты.

Қазақстандағы миллионер кәсіпкерлердің өңірлер бойынша саны біркелкі емес. Табысы 1 млн теңгеден көп, барлық тіркелген, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың 89 пайызы алматылықтар (5,3 мың адам) болды. Тағы 9 пайызы, яғни 541 адам Астана қаласы мен Ақмола облысында тұрады. Өте аз үлес (шамамен 2%) Маңғыстау және Ұлытау өңірлерінде. Басқа өңірлерде миллиондаған табысы бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жоқ.

Санаттағы барлық азаматтардың 95,1 пайызы қала тұрғындары (5,7 мың адам) болып шықты. Тек 293 адам (4,9%) ауылда кәсіппен айналысып, 1 млн теңге табысқа қол жеткізген.

Швейцариялық «Credit Suisse» банкінің әлемнің әртүрлі елдеріндегі әл-ауқат деңгейі туралы «Global Wealth Report 2022» аналитикалық есебінің деректеріне сүйенсек, 2021 жылдың соңына қарай Қазақстандағы долларлық миллионерлердің үлесі республиканың ересек тұрғындарының 0,3 пайы­зын құрады. Абсолютті түрде бұл 36,9 мың адам. 2020 жылмен салыстырғанда мұндай деңгей­дегі қазақстандықтардың саны 50,9 пайызға өсті. Пан­демияның бірінші жылында байлығын мил­лиондаған доллармен өлшейтін байлар, дереккөзге сүйенсек, елде 24,5 мың адам болған.

egemen.kz
13 маусым 2023 ж. 231 0