Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде COVID-19 жұқтыру дерегі күрт өсті

Әлемде COVID-19 жұқтыру дерегі күрт өсті

Өткен аптада әлемде 4,18 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, 8,5 мың адам вирустың құрбаны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ кезекті есебінде әлемде инфекция жұқтыру және өлім жағдайларының саны 18%-ға артқанын мәлімдеді. Ұйымның апта сайынғы бюллетенінде «бір апта ішінде тіркелген аурудың жаңа жағдайларының саны өсті» делінген.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда жұқтырғандар санының ең көп өсуі Шығыс Жерорта теңізінде (47%), Еуропада (33%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (32%) тіркелді. Сонымен қатар Африкада ауру айтарлықтай төмендеді (39%). Сонымен бірге Батыс Тынық мұхиты аймағында (6%), Еуропада (5%) және Африкада (1%) төмендеді.

Бір аптада індет жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ-та (701 855), одан кейін Германия (504 655), Бразилия (349 791), Италия (340 012) және Қытайда (333 926) тіркелді.
30 маусым 2022 ж. 272 0