АҚШ-та торнадодан бір адам қаза тапты

Құйынды дауылдан 20-дан аса тұрғын жарақат алды. Алапат құйыннан әсіресе Луэн мекені қатты зардап шеккен. Ұйытқып соққан дүлей жел көптеген үйдің тас талқанын шығарған. Бірқатар өңірде ондаған мың ғимарат электр энерегиясынан ажырап, жарықсыз қалды. Аймақта табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.