Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда жер сілкінді

Түркияда жер сілкінді

4,1 балдық жер сілкінісі Түркияның шығысындағы Элязиг провинциясында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер асты дүмпулері Сивирч ауданында жергілікті уақыт бойынша 15:40-та (Астана уақыты бойынша 18:40-та) тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 4,99 шақырым тереңдікте болғандығы да нақтыланды.

Айта кетсек, 19 маусымда Түркияның Адана провинциясында 4 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.
28 маусым 2023 ж. 202 0