Нидерландта ұялы телефонға тыйым салынады

Оқушыларға алдағы жылдан бастап ұялы телефон, планшет және смарт-сағаттарды мектепте ұстауға тыйым салынбақ.
Елдің Білім министрлігінің мәліметі бойынша, гаджеттер баланың ынтасын бұзып, оқу үлгерімін нашарлатады.
Құрылғыларға тек цифрлық дағдыны қалыптастыру мақсатында ғана рұқсат берілуі мүмкін.