Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нигерияда жол апатынан 20 адам көз жұмды

Нигерияда жол апатынан 20 адам көз жұмды

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос штатында автобус пен жүк көлігі соқытығысты. Жол апаты салдарынан 20 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лагос штатының көлік басқармасы хабарлағандай, оқиға Мово қаласында болған. Жүргізушімен бірге 20 адам болған автобус үлкен жылдамдықпен келе жатып, құм мен топырақ тиелген алдыңғы көлікке соғылды. Автобуста болған адамдардың барлығы қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Көлік басқармасының мәліметінше, жол апатына жылдамдықты арттыру себеп болған.

Айта кетейік, Нигерияда жол сапасына және жылдамдықты арттыруға байланысты жол апаты жиі болады.
10 шілде 2023 ж. 160 0