Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жол апатына түсіп, қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге берілді

Қызылорда облысында жол апатына түсіп, қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге берілді

Қызылорда облысында жол апатынан қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге, ал жарақат алғандарға 310 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда ауруханада 16 адам ем қабылдап жатқан көрінеді, олардың алтауы әлі жансақтау бөлімінен шықпаған. Оқиға осыдан бір апта бұрын Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алған еді. 32 адам отырған автобус жол жиегінен шығып аударылып кеткен болатын.  Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмған. Тексерістің нәтижесінде автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған.
Сонымен қатар автобуста ішніде болып, жарақат алған жолаушылардың бірі жүргізушінің жылдамдықты асырып жібергендігін айтқан. Бұған қоса автобус соңғы рет техникалық бақылаудан қыркүйек айында өтіпті.
Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, өз пікірін білдірген еді. 
11 желтоқсан 2019 ж. 615 0