Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қызылорда облысындағы апатқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев Қызылорда облысындағы апатқа қатысты пікір білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Твиттер әлеуметтік желісіне тиісті хабарлама жазды.
«Мен Қызылорда облысындағы жол-көлік оқиғасында қаза болғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті органдар мен әкімдіктердің басты назарында болуы керек», - деп жазды президент.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында жол апаты болды деп хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, 8 адам қайғылы оқиғаның құрбаны болды. 21 жолаушы жарақат алды.
Жолаушылар көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. 36 адам автобустан аударылып кетті.
03 желтоқсан 2019 ж. 661 0