Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдадта Швеция елшілігінің ғимараты өртенді

Бағдадта Швеция елшілігінің ғимараты өртенді

Құранды өртеу әрекетіне наразылық білдірушілер Швеция елшілігінің ғимаратына басып кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Reuters агенттігінің ақпаратына сүйенсек, шерушілер елшілікті басып алып, өртеп жіберген.

Елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Швеция полициясы Хельсингборг орталығында сәрсенбі, 12 шілдеде діни кітапты өртеу арқылы шеру өткізуге рұқсат бергені хабарланған еді.

Сол күні БҰҰ-ның Құран мен басқа да қасиетті кітаптарды өртеуге қарсы қарар қабылданғаны белгілі болды.
20 шілде 2023 ж. 287 0