Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем жұртының әлеуметтік ахуалы

Әлем жұртының әлеуметтік ахуалы

Қазір әлемде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық үдеріс­тер жедел дамып келеді. Уақыт шарттарына сәйкес, азаматтардан жағ­дайға тез бейімделу, технологияға ілесе отырып, креативті идея­лармен бір толқында жүру талап етіледі. Жалпы, халықтың әлеуметтік мобильдігіне әсер ететін негізгі факторларға білім, денсаулық сақтау, еңбек пен технологиялық дамудағы сапалы қыз­меттерге қол жеткізу мүмкіндіктері сынды көрсеткіштер жата­ды.

Дүниежүзілік экономика форумы «Жаһанның әлеуметтік мобильдік есебі 2020» (The Global Social Mobility Report 2020) және Ұлыбританияның Әлеуметтік мобильдік коммиссиясының «Ұлттың жағдайы 2022» (State of the Nation 2022) еңбектерінің дерегін негізге ала отырып, «Жа­hан­дық әлеуметтік мобильдік ин­дексін» жариялаған.

Индекс мемлекеттердің ха­лықтың әлеуметтік дамуына жа­саған қолайлы шарттарын, білім мен ғылым, іргелі медицина қыз­мет­тері, технологиялық даму­дың мүмкіндіктерін Үкіметтің халыққа қызмет көрсету саласында қол­дануы сынды көрсеткіштер жиын­тығын бағалайды. Зерт­теу жұмысы мүмкіндіктер тең­ді­гін қамтамасыз ететін іргелі фак­торлардың жекелеген мем­ле­кеттерде қаншалықты тиімді әрекет ететінін, сондай-ақ осы көрсеткіштерді әлеуметтік мо­биль­діктің нақты нәтижелеріне айналдыруға көмектесетін қо­лайлы орта факторларын өлшейді.

82 мемлекет пен 51 индексті қамтитын бұл зерттеу әлеуметтік-экономикалық жағдайына, жы­нысына, шығу тегіне және өзге де факторларға қарамастан ха­лыққа тең мүмкіндіктер жа­сауға барынша ыңғайлы орта қалыптастыра білген әлемдегі ең тиімді экономикаларды анық­тайды. Индексте жаhандағы эко­номикалық ахуал, пандемия, цифрлану, «жасыл» экономикаға көшу секілді өзгерістер бүгінгі және болашақ ұрпақ мүм­кіндіктерінің теңдігі мен әлеу­меттік мобильдігіне сын-қатер ту­дыруы туралы баяндалған. Жаһандық әлеуметтік мобильдік индексі бес негізгі көрсеткіш бо­йынша мемлекеттердің эко­номикасына баға береді. Олар: денсаулық, білім беру (қолжетімді, сапалы, тең және өмір бойына білім алу), технологияға қол­жетімділік, әділ еңбек мүм­кіндігі, әлеуметтік қорғау және инклюзия институттары.

Зерттеу деректеріне сүйен­сек, дамыған және дамушы елдердегі айлығы жоғары 10% маман айлығы төмен 40% жұмысшыға қарағанда 3,5 есе көп табыс табады. Азаматтарға тең мүмкіндік беру бойынша Солтүстік Еуропа елдері көш басында, ал әлемдік рейтингте Қазақстан 38-орында тұр. Осы индекске қосылған мемлекеттер әлеуметтік мобильдік бойынша өз көрсеткішін 10 ұпайға арттырса, олардың ЖІӨ-сі 4,41%-ға артып, халықтың әлеуметтік бірігуіне, орта таптың қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Зерттеу мәліметтерін бағ­дар­­­­­­ласақ, Экономикалық ынты­мақ­­­­тастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердегі бай­­лық тең бөлінбеген, жеке бай­­­лықтың жартысынан көбі ха­лық­тың 10%-ын құрайтын ауқат­ты­лар­дың қолында. Ал ауқатты отба­­сылардың мұрасына оңтайлы салық жүйесін енгізу қоғамдағы мү­лік теңсіздігінің төмендеуіне әсер етуі мүмкін деген қорытынды жа­­­­салған. Тәуекел іс-әрекетке (құ­мар ойындар, бәс тігу, т.б.) бару­ды азайту саясатын жетілдіру қо­­ғам­дағы өзара тең мүмкіндік пен мобильдікті арттыруға ықпал ете­­­тін факторлардың бірі ретінде си­­пат­­талады.

Құжатта көзге түсер дерек­тер­­дің бірі – әлеуметтік жағдайы әуел бастан жоғары топтардың әрі қа­рай өсу мүмкіндігі де жоғары деп танылады (⅔ жағдайда бұл үрдіс сақталады). Соңғы онжылдықта әлеуметтік мобильдіктің төмендеу тенденциясы төменгі және орта тапта анық көрінген. Табыстан бөлек, әл-ауқаттың басқа көр­сет­кіш­тері де (физикалық немесе пси­хикалық денсаулық, әлеумет­тік капитал) үнемі өзгеріп оты­ра­ды. Ол көрсеткіштер өзара ық­пал етіп, адам мүмкіндіктерін арт­­тыруы немесе төмендетуі де ық­­тимал.

COVID-19 пандемиясы кезінде әйелдердің, азшылық топтардың және табысы төмен отбасыдан шық­қан балалардың әл-ауқаты басқа топтармен салыстырғанда кө­бірек төмендеді. Отбасында мүм­кіндігі шектеулі жан бар топ­тар мұндай проблемасы жоқтар табысының 84%-ына өмір сүреді.

ЭЫДҰ-ның Еуропадағы елде­рін­де ең аз қамтылған отбасы­лар­дың балалары басқа балаларға қарағанда ересек жаста шамамен 20%-ға аз жалақы алады. АҚШ-та жүр­гізілген «Мүмкіндікке қарай қадам» тәжірибесінде ауқаттылар ауда­нында өскен табысы төмен отба­сының балалары өзгелермен салыс­тырғанда білім беру, денсау­лық және еңбек қабілеті бойынша әле­уеті жоғары болатыны анық­тал­ған.

Қорытындылай алғанда, Жа­һан­­­ның әлеуметтік мобильдік ин­­дексі – әлеуметтік жағдайды жақ­­сарту және экономика мен қо­ғам­дағы мүмкіндіктердің тең бө­лінуіне ықпал ету сала­ла­рын анықтаудың пайдалы құра­лы­мен қамтамасыз етуге ар­налған зерттеу жұмысы. Ин­декс әлеуметтік мобильдікті арт­тыруға бағытталған саяси әре­­кет­тер мен әлемдік тиімді іс­кер­лік тәжірибелерді анықтау мақ­­са­тында жаңа стандарттарды бел­гілеу мүмкіндіктеріне жол көр­сетуші сапалы көмекші құрал бола алады.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,
Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
02 тамыз 2023 ж. 202 0