Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Италия жағалауында 41 мигрант суға батты

Италия жағалауында 41 мигрант суға батты

Жерорта теңізінің орталық бөлігінде, дәлірек айтқанда Италияға жақын маңда қайық апатқа ұшырап, 41 мигрант суға батты, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

3 тамызда Тунистің Сфакс қаласынан жолға шығып, қатты толқынның кесірінен апатқа ұшыраған қайықта 45 адам болған. Олардың арасында 3 бала бар.

«Қызыл Крест» ұйымы 4 жолаушының тірі қалғанын хабарлады.

«Италияның жағалау күзеті Лампедуза аралында 4 мигрантты құтқарып қалды. Олар апаттан кейін суда жүзіп келе жатқан. Олардың айтуынша, қайықтың қозғалтқышы істен шыққан», деді «Қызыл крест» ұйымы бас хатшысының орынбасары Игнасио Шинту.
10 тамыз 2023 ж. 231 0