Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та баспанасыз жүргендер саны артты

АҚШ-та баспанасыз жүргендер саны артты

АҚШ-та баспанасыз жүргендер саны бір жылда 11 пайызға көбейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Қазір елде осындай 577 мың адам тіркелген. Ол жергілікті халықтың 0,2 проценті.

Мұның бірнеше себебі бар. Елде кейінгі уақытта баспана бағасы қымбаттап кетті. Жалға берілетін орындар жетіспейді.

Пандемия кезінде төленген жәрдемақы да тоқтаған. Үй-күйсіз жүргендердің артуына әсер еткен тағы бір жайт - АҚШ-қа ағылған мигранттардың көбеюі.

18 тамыз 2023 ж. 382 0