Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бразилияда инфляция ырыққа көнбей тұр

Бразилияда инфляция ырыққа көнбей тұр

Сәуір айында оның деңгейі тағы 1%-ке артты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елде азық-түлік пен жанар-жанармай бағасы шарықтап кетті. Жергілікті статистика бюросы келтірген дерек бойынша, мұндай жағдайға тауар жеткізу ісіндегі іркіліс пен Украинадағы қарулы қақтығыс әсер еткен. Енді соның зардабын тек қарапайым тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдар да тартып отыр. Мәселен, бірнеше ай бұрын қайырымдылық қорларына апта сайын 40 шақты азық-түлік себеті келген болса, бүгінде олардың саны 10-ға жетер-жетпес. Айта кетейін, жақында ғана Бразилиядағы инфляция 1996 жылдан бергі ең жоғарғы деңгейге жеткен еді. 26 жылда алғаш рет 12 проценттен асты.

24.kz
20 мамыр 2022 ж. 558 0