Австралияда америкалық ұшақ құлады: Аман қалғандар бар

Апаттың себебі туралы әлі ешқандай хабар жоқ.
Австралияның Қорғаныс министрлігі Osprey тікұшағының (конвертоплан) бортында америкалық әскери қызметшілер болғанын растады және австралиялық сарбаздар зардап шеккен жоқ деп хабарлады.
"Бастапқы маңызды кезеңде біздің басты назарымыз оқиғаның салдарын жоюға және барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген министрлік хабарламасында.
Ұшақ Дарвин қаласының солтүстігіндегі Тиви аралдары аймағында жаттығуға қатысқан.Австралияның ABC қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, үш адам құтқарылды - олардың біреуінің жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы тұрақты.