Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бангладеште босқындар лагері өртенді

Бангладеште босқындар лагері өртенді

Бангладештің Кокс-Базар қаласындағы мигранттар лагерінде алапат өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салдарынан 8 мыңнан астам босқын рохинджа далада қалды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, мыңнан аса үй күлге айналған. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Өрттің неден шыққаны да белгісіз. Жалпы бұл елде босқындар лагерінің отқа орануы бірінші рет емес. 2021 жылы ірі өрт тіркеліп, 15 адам опат болған еді. 10 мың үй жанып кетті.

Айта кетейік, бүгінде Бангладеште жарты миллионнан астам рохинджа өмір сүреді. Олар 2017 жылы Мьянмадағы биліктің қудалауына ұшырап, осы елден пана тапқан болатын.

Фото: baq.kz
08 қаңтар 2024 ж. 409 0