АҚШ ПРОКУРАТУРАСЫ HUAWEI-ГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

Компанияға америкалық серіктестерінің коммерциялық ақпаратын ұрлады деген айып тағылып отыр. Журналистердің мәліметінше тергеу 2017 жылы компанияға қарсы берілген азаматтық талап-арыздар негізінде басталған.
Әзірге АҚШ Әділет министрлігінің өкілдері мен Huawei өкілдері ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда БАҚ бұны АҚШ пен Қытай арасындағы жасырын сауда соғысындағы түсініспеушіліктерге балап отыр.