Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгілі КВН ойыншысы 12 жылға сотталды

Белгілі КВН ойыншысы 12 жылға сотталды

Тәжікстан бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде мемлекеттік қаржыны жымқырды деп айыпталған белгілі КВН ойыншысының ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Ховар» агенттігі.
Жергілікті БАҚ-та оның қылмыстық әрекеттерінің саяси астары бар деген қауесет тараған болатын.
«Соңғы кездері БАҚ-та Хайрулло Мирсаидовтың ісіне қатысты қауесет жүр. Кейбір хабарларда оның қылмыстық әрекеттері журналистік қызметімен байланыстырылып, саяси астары бар екеніне меңзеледі. Тәжікстан бас прокуратурасы осы мәселені нақтылайды. Іс материалдарында Х. Мирсаидовтың журналистік немесе саяси қызметі туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ол Хужанд қаласының соты тарапынан КВН командасына басшылық еткен кезінде жалған құжаттар арқылы мемлекеттік қаражаттарды жымқырғаны және ауыр қылмыс туралы жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылған», - делінген мәлімдемеде.
Іс материалдарына қарағанда, Х. Мирсаидов КВН командасының басшысы ретінде 2014-2017 жылдар аралығында Мәскеу, Сочи және Бішкек қалаларында КВН ойындарына қатысу үшін Соғды облысының мемлекеттік бюджетінен 976285 сомони мөлшерінде қаражат алып, соның 123913 сомониін жалған құжаттар арқылы жымқырған.
Хужанд қалалық соты оны айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Айта кетейік, 1 сомонидің бағамы шамамен 37,55 теңгені құрайды.
inform.kz
13 шілде 2018 ж. 1 314 0