Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылшадан 7 адам қайтыс болды

Қызылшадан 7 адам қайтыс болды

Еуропада қызылша өршіп, жұқпалы індеттен 7 адам қайтыс болды. Аурудың алдын Еуропада алу және бақылау еуропалық агенттігі екпе салуды күшейтпесе, эпидахуал нашарлайды деп дабыл қағып жатыр.

Себебі, қарт құрлық елдері "қызылшаны жеңдік" деп соңғы жылдары вакцинаны тоқтатқан.

Қызылша әсіресе Румынияда өршіп тұр. Елде індетті 3 мыңға жуық адам жұқтырып, төрт адам қайтыс болған. Эстонияда екі адам көз жұмды, деп жазады qazaqstan.tv.

Австрия, Германия, Франция, Бельгияда да инфекциямен ауруханаға түсушілердің саны артқан. 2022-жылы Еуропада қызылшамен 941 адам ауырған болса, былтыр 30 мың адам сырқаттанған.

Бірден 30 есеге көбейгенінен сескенген мамандар халықтың 95 пайызы вакцина салдыртпаса, эпидемиологиялық ахуал нашарлайтынын айтады.

Бельгия, Франция, Германияда міндетті. Бұл мемлекеттерде қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар балабақшаға қабылданбайды. Германияда тіпті, ата-анасына 250 еуроға дейін айыппұл салынады. Ал басқа мемлекеттерде міндетті болмағандықтан, соңғы жылдары өз еркімен вакцина алатындар азайған.

"Енді сол олқылықтың орнын толтыру қажет дейді",- дәрігерлер.

Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: mail.kz

19 ақпан 2024 ж. 464 0