Студент WhatsApp-тағы хабарламасы үшін өлім жазасына кесілді

Іс бойынша айыпталушылар 22 жастағы студент пен 17 жастағы жасөспірім екені нақтыланды. Біріншісі Мұхаммед пайғамбар мен оның әйелдерін қорлайтын сөздер жазылған фото және видео жасағаны үшін өлім жазасына кесілді. Ал екінші жігіт контентті таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Шағымды Пәкістан Федералдық тергеу агенттігінің киберқылмыспен күрес бөлімі 2022 жылы алған. Шағымды үш түрлі ұялы телефон нөмірінен фото және бейнематериалдар алған жергілікті тұрғын жазған.
Фото: bugin.kz