Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Калифорния аспанында белгісіз құбылыс байқалды

Калифорния аспанында белгісіз құбылыс байқалды

Болған жағдайғв NASA әлі пікір білдірмеген.

Америкалықтар бұл қытайлық «Шэньчжоу-15» зымыран тасығышының сынықтары деп топшылаған. Бірақ АҚШ пен NASA билігі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.

«Жылтыр әрі жұмбақ нысан Лос-Анджелестен шығысқа қарай 113 км жерде орналасқан Морено алқабын көктей ұшқан», - деп жазды аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары. Көптеген әлеуметтік желі қолданушылары алдымен бұл Калифорнияда бір күн бұрын ұшырылған SpaceX Falcon 9 зымыранының сынықтары деген болжам айтты. Алайда, ғарыш компаниясының өкілдері зымыранның жоғарғы сатысы бір реттік болғанына қарамастан, оның жабдықтары ұшырылғаннан кейін жерге қауіпсіз қонатынын және қайта пайдаланылатынын айтты.

Осыдан кейін бұл қытайлық «Шэньчжоу-15» зымыранының сынықтары деген теорияны қолданушылар саны көбейген. Сондықтан журналистер түсініктеме алу үшін NASA-ға жүгінген, бірақ агенттік бұл сұраққа әлі жауап бермеген.

Ақпарат көзі: turkystan.kz
Фото: ашық дереккөз 
05 сәуір 2024 ж. 382 0