Австралия жағалауынан жұмбақ металл цилиндр табылды

Ел билігі белгісіз затты ғарыштан келген қоқыс болуы мүмкін деп болжады. Олар жергілікті тұрғындарды жұмбақ металлға жақындамауға шақырды. Австралия ғарыш агенттігінің өкілдері цилиндр шетелдік зымыран тасығыштың бөлігі болуы мүмкін дейді.
Жұмбақ нысан әлеуметтік желі қолданушыларын да қызықтыруда. Олар белгісіз заттың қайдан шыққанын болжауға кірісті.
Кейбіреулері жұмбақ металлды өткен аптада ұшырылған үнділік LVM3 зымыранының бөлшегі болуы мүмкін дейді.