Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларға тарту: Жұмбақ өлең

Балаларға тарту: Жұмбақ өлең

Жұмбақ өлең
Түрлі-түсті қаншама-ай!
Тұрмас бәрі аңсамай.
Күні-түні балалар,
Қуалайды шаршамай.
(Доп)

Болар жасыл, сары, ағы,
Қуантар бар баланы.
Дәмі тәтті, сап-салқын,
Балалардың тамағы.
(Балмұздақ)

Ағаш оның тұрағы,
Тұмсығы ағаш ұрады.
Әрдайым барлық жерлерді,
Тоқылдадып тұрады.
(Тоқылдақ)

Көптеген түрі болады,
Анама берсем ұнады.
Әдемі оның үстіне,
Көбелектер қонады.
(Гүл)

Ол жауса дала жайнайды,
Қызығына бала тоймайды.
Ол жауған кезде барлығы,
Аққала жасап ойнайды.
(Қар)
01 маусым 2021 ж. 809 0