Теңізден сөмке тәрізді жұмбақ жәндік табылды

«Жоқ, бұл пластик емес. Бұл скаттың жұмыртқалары», – деп хабарлады Хаттерас ұлттық паркінің өкілдері.
Белгілі болғандай, жағажайлардан қиықша тәрізді скаттың бос жұмыртқасының капсулалары табылған. Олардың әрқайсысында үлкен жұмыртқа болады. Ал сөмке тәрізді жәндік жұмыртқасының тұтқасы теңіздің түбінде тіреліп тұру үшін арналған.
«Суда олар әдетте балдырларға немесе басқа да қозғалмайтын заттарға бекітіледі. Ал кішкентай скаттар жарып шыққанда бұл капсулалар жиі толқынмен жағаға шығарылады», – деп түсіндірді парктегілер.
