Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында сөмке ішіне салынған нәресте табылды

Түркістан облысында сөмке ішіне салынған нәресте табылды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Қақпақ ауылында тұрғын жаңа туған сәбиді тауып алды.

Сәби 4 сағаттай сөмке ішінде жатқан, деп хабарлайды Евразия арнасы.
Нәресте ыстық күнде беті жабылған сөмке ішінде тұншығып қала жаздады. Оны ауыл тұғыны Әсия Омарова тауып алды. Тұрғынның айтуынша, сәби бастапқыда қып-қызыл болып жатқан. Оның өлі не тірі екенін біле алмапты.
Қазір балалар ауруханасында. Дәрігерле қыз баланың үш күн бұрын өміге келгенін айтты. Оған Айым деген есім қойды. Полиция сәбидің анасын іздеп жатыр.
“Үйімнің алдына сөмкені әкеп тастапты ашып қарасам қып-қызыл болып жатыр. Көршім дәрігер болатын. Соны шақырып келдім. Бала біраздан соң барып жылады”, – дейді тұрғын.
Жол бойындағы сөмкені алғаш такси жүгізушілері байқаған. Ал тұрғын сөмкені төрт сағаттан соң ашып қараған.
Stan.kz
07 тамыз 2018 ж. 1 409 0