Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салмағы 8 келі сәби дүниеге келді

Салмағы 8 келі сәби дүниеге келді

Тәжікстанда салмағы 8 килограмм сәби өмірге келді. Алып нәресте – отбасының бесінші баласы.
"Мир 24" телеарнасы хабарлағандай, бұл ел тарихындағы алғашқы оқиға екен.
Баланың отбасы Куляб қаласында тұрады. Сәбидің атын Худодод деп қойыпты, қазақшаға аударғанда "Құдайберген" дегенді білдіреді. Нәресте туа бітті семіздікке шалдықпаған, тек денесі ірі болып жаратылған, деп түсіндірді дәрігерлер.
Дәрігерлердің айтуынша, анасы сәбиді қиналып босаныпты. Дүниеге келген соң бастапқыда оттегі маскасымен демалдыруға тура келген.
Сәбиінің мұншалықты ірі денелі болуы анасын да таңғалдырды.

24 шілде 2018 ж. 1 561 0