Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте көшеден жаңа туған сәбидің денесі табылды

Шымкентте көшеден жаңа туған сәбидің денесі табылды

Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғындары көшеден жаңа туған сәбидің денесін тауып алды.
Оқиға орнында қан іздері болған, нәресте туа салысымен шетінеген болуы мүмкін.
Ақ дәкеге оралған нәрестенің денесін жеке үйдің дуалы жанынан таңертең намазға бара жатқан тұрғындар тапқан, деп хабарлайды TVK.
Басылымның мәліметінше, шақалақты анасы сол маңда дүниеге әкелген. Бірнеше метр жерде қан іздері байқалады.
Баланың денесін қарап шыққан полицейлер бас жарақатын алғанын анықтады. Босанған кезде сәбидің басына зақым келсе керек.
Тәртіп сақшылары көршілерден жауап алды.

sputniknews.kz
12 маусым 2018 ж. 1 167 0