Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония жағалауынан беймәлім алып шар табылды

Жапония жағалауынан беймәлім алып шар табылды

Жапония жағалауынан диаметрі 1,5 метрлік беймәлім металл шар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian-ге сілтеме жасап.

Сидзуока префектурасындағы қала полициясы мен тұрғындар жергілікті жағажайдан үлкен темір шарды көріп аң-таң. Ал жергілікті билік оның не екенін түсінбей әлек болуда.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, диаметрі 1,5 метрлік металл сфера елдің Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Хамамацу қаласындағы Эншу жағалауында жатыр.

Сарапшылар рентген технологиясымен нысанның ішін зерттеп, оның мина емес екенін мәлімдеді. Шардың КХДР немесе Қытайдың тыңшылыққа арналған құралы болуы мүмкін деген болжам да расталмады.

Жергілікті тұрғын сфераның суден бірнеше метр қашықтықта құмда жатқанын байқап, полиция шақырған. Полиция қара дақтары бар сарғыш-қоңыр түсті затты тексеріп жатыр, деп хабарлады Asahi TV.
Жұмбақ зат жатқан аумақ жарылғыш заттар бойынша мамандар келгенше қоршауға алынды. Оның суреттері Жапония қорғаныс министрлігіне, жағалау күзетіне жіберілді.
Аталған жағалауда үнемі спортпен шұғылданатын ер адамның айтуынша, шар бұл жерде бір айдан бері жатыр. «Мен оны итермек болдым, бірақ ол жылжыған жоқ», - деді ол.
22 ақпан 2023 ж. 429 0