Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді

Ресей тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді

Ресейдің Дағыстан Республикасында тұратын Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді.

Ол Дағыстанның Хасавюрт қаласының маңындағы ауылда тұрады. Атырау облысына дейін 50 қап салынған сөмкелерді жеткізу үшін көлікпен 24 сағат жол жүрген.

«Туысқандарым әлеуметтік желіден Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында тасқын судан қорғайтын бөгетті бекіту үшін қап жетіспейді деген ақпаратты оқыпты. Олар бұл ақпаратты маған жеткізді. Содан соң бауырлас елге көмек беру үшін таныстарымнан қап іздей бастадым. Досымның зат сақтайтын қоймасы бар еді. Түнгі сағат 02:00 шамасында сол қоймадан жүк таситын ГАЗель көлігіме 50 мың қапты тиеп, жолға шықтым. Атырауға тезірек жету үшін түнімен жолда жүрдім», дейді Омарасхаб Ахмедов.

Оның айтуынша, туған жеріндегі таныстары мен достары туған жеріне оралуын асыға күтіп отыр. Енді олардың Атырау облысына жинаған гуманитарлық көмектің тағы бір партиясын жеткізеді.

«Тұратын еліміз бөлек болғанымен, қиын кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Мақсатым – туысқан халықтың қиындықтан аман қалуына үлес қосу», дейді Омарасхаб Ахмедов.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: egemen.kz
10 сәуір 2024 ж. 522 0