Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны екі есе артты

CNN Brasil телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, табиғи апаттан 56 адам қаза тауып, 74 адам зардап шеккен, 67 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Апта басынан бері штатта толассыз жауған нөсер салдарынан қаза тапқан адамдар саны 56-ға дейін жетті. Дауылдан 281 муниципалитет зардап шекті. Қаза тапқандардан басқа, штатта 74 адамның жаралғаны мен 67 адамның хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды, - делінген елдің халықты қорғау қызметі ұсынған мәлімдеді.
Еске салайық, 2 мамырда Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында су тасқынынан 10 адам көз жұмып, 21 адам жоғалып кеткені айтылған болатын.
Сурет: astanatv.kz