Гаитиде су тасқынынан кейін жер сілкінді: қаза тапқандар бар

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 4,9 балдық жер сілкінісі Гаитиде таңертең болған. Ол толассыз жауған нөсерден кейін тіркелді. Салдарынан 13 мыңнан астам адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды.
Гаити премьер-министрі Ариэль Анридің мәлімдеуінше, оның үкіметі мен халықаралық серіктестер су тасқынымен күресу үшін «шұғыл шаралар» қабылдауда.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттігі су тасқынынан баспанасыз қалғандарға ыстық тамақ бере бастайтынын мәлім етті.
Гаити билігі қаза тапқандардың үшеуі жер сілкінісінен үйлері қираған кезде, бастырылып қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ондаған адам зардап шеккен.
Жереми – Гранд-Анс департаментінің оңтүстік-батысындағы жағалау маңындағы қала. Бұл өңір екі жыл бұрын жер сілкінісінен қатты зардап шегіп, 2200 адам қаза тапқан еді. Қала елдің басқа бөлігіне қарағанда оқшаулау, нөсерден көлік қатынасы бұзылды.