Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды

Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды

Ресейде коронавирус инфекциясының FLiRT атты жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүргізілген мониторинг тіпті, жалғыз жаңа генонұсқаларды айқындауға мүмкіндік береді. Мониторинг жүргізілген кезең ішінде FLiRT жаңа нұсқасының 178 жағдайы анықталды, - деп атап өтті елдің тұтынушылар құқығын қорғау комитеті.

Сондай-ақ ведомствода вирустың жаңа нұсқасы өзге штамдармен салыстырғанда аса қауіпті еместігін алға тартты.

Осы орайда, Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде ең көп таралған коронавирус түрі – омикрон екендігі мәлім.

Мамандар омикрон мен FLiRT штамының белгілері ұқсас деп отыр. Белгілеріне қызба, жөтел, тамақтың ауруы, әлсіздік, бас ауруы, бұлшықеттердің ауырсынуы, иіс және дәм сезудің жоғалуы жатқызылады.


Сурет: ашық дереккөз 
22 мамыр 2024 ж. 529 0