Сиднейді су басты

24.kz-тің мәліметі бойынша, көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылды. Мыңдаған үй су астында қалды. Билік табиғат апаты қауіп төндіріп тұрған бірнеше елді мекен тұрғындарын шұғыл көшіруге тапсырма берді.
Синоптиктер алдағы күндері Сиднейдің солтүстік-батысын алапат тасқын күтіп тұрғанын ескертті.
Сурет: ашық дереккөз