Үнді саясаткері үшінші рет үкімет басшысы тағына отырды

Үкімет басшысы ант қабылдағандығы туралы әлеуметтік желіде жариялады.
Мен үшін Бхаратаға қызмет ету – үлкен абырой. Ант қабылдау рәсімін тамашалаңыздар, - деп жазды ол Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.
Ант қабылдау рәсімі өткен президент сарайы орналасқан ауданда тәртіпсіздіктің орын алуын болдырмас үшін 2,5 мың әскери қызметкер, сондай-ақ дрондар тартылған.
Еске салайық, бұған дейін Үндістанның премьер-министрі отставкаға кетуге өтініш білдіргені туралы жазған болатынбыз.
Сурет: baq.kz