Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Филиппиндегі тасқын салдарынан 16 адам көз жұмды

Филиппиндегі тасқын салдарынан 16 адам көз жұмды

Филиппин астанасы Манилада төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін, 24 шілдеде Манила қалалық кеңесі астаналық аймақта ресми түрде төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді. «Гаэми» тайфуны тудырған жаңбыр салдарынан Филиппин астанасының түрлі ауданында су тасқыны болды», деп хабарлады Синьхуа басылымы.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, жергілікті билік Манила шығанағы мен өзен маңындағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге, мектептер мен кеңселерді жабуға мәжбүр болған.

DW мәліметінше, тайфун тудырған жаңбырдың салдарынан 16 адам қайтыс болған.

Айта кетейік, Филиппин үкіметі зардап шеккен 770 мыңға жуық тұрғынға қаржылай көмек көрсетілетінін хабарлады.

Сурет: ашық дереккөз 
25 шілде 2024 ж. 251 0