Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Ресей теміржолы компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, апат кезінде пойызда 800-дей адам болған. Соның 140-ы жарақат алған. Арасында балалар да бар.
Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында 324 маман мен 109 техника жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.
Сурет: inbusiness.kz