Иранда рельстен шығып кеткен пойыз 13 адамның өмірін қиды

Оқиға орнында 50 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды, оның 12-сі ауыр халде. ТАСС мәліметінше, оқиға орнында құтқарушылар мен дәрігерлер бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Қазір апаттың нақты себептері анықталуда. Жергілікті биліктің айтуынша, зардап шеккендердің тізімі әлі де артуы мүмкін.