ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетіп, алты жолаушы пойызының қозғалысына кедергі келтірді.
Апат 27 маусымда Ақтоғай-Аягөз темір жолының учаскесінде болды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, зардап шеккендер тіркелмеген. Қазір Ақтоғай мен Аягөздегі мамандар өз күштерімен оқиғаның салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Вагондардың рельстен шығуының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Апаттың салдарынан алты жолаушы пойызы тоқтап қалған: № 301 Новосибирск – Алматы; № 351 Өскемен – Алматы; №311 Семей – Нұр-Сұлтан; №459 Өскемен – Достық; №32 Алматы – Павлодар;
№22 Қызылорда - Семей.
baq.kz«ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, зардап шеккендер тіркелмеген. Қазір Ақтоғай мен Аягөздегі мамандар өз күштерімен оқиғаның салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Вагондардың рельстен шығуының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Апаттың салдарынан алты жолаушы пойызы тоқтап қалған: № 301 Новосибирск – Алматы; № 351 Өскемен – Алматы; №311 Семей – Нұр-Сұлтан; №459 Өскемен – Достық; №32 Алматы – Павлодар;
№22 Қызылорда - Семей.
Пікір 1